Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сырық мойын, біз мұрын)
![Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сырық мойын, біз мұрын)](https://www.zharar.com/uploads/magzhan.png)
Сырық мойын, біз мұрын,
Шіркін, тұздай көзіңіз.
Қыт-қытындай тауықтың
Құйылып тұр сөзіңіз.
Кірпіш еткенің ұнындай
Опа басқан жүзіңіз.
Жүз төңкеріп көзіңіз,
Жақындайсыз өзіңіз.
Сізге кім ғашық болмасын?
Мәселен, біз өзіміз...
Шіркін, тұздай көзіңіз.
Қыт-қытындай тауықтың
Құйылып тұр сөзіңіз.
Кірпіш еткенің ұнындай
Опа басқан жүзіңіз.
Жүз төңкеріп көзіңіз,
Жақындайсыз өзіңіз.
Сізге кім ғашық болмасын?
Мәселен, біз өзіміз...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: