Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сең)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сең)

Сары аяз - сүйген жар
Қайрылмай кеткен соң,
Қайратсыз қалың қар
Жылаумен біткен соң.
Жел сипап, Күн күліп,
Мазақ қып сүйген соң
Боларын бір сұмдық
Ішінен түйген соң
Қалың мұз кәрленіп,
Қара көк түс алды.
Еруге арланып,
Кетпекке ойланды.
Бұзыла-жарыла,
Антұрған аптықты.
Өзеннің жарына
Асығып соқтықты.
Барында шамасы,
Суыққа қашпақшы.
Мұз теңіз - анасы
Құшағын ашпақшы.
Өткен соң жаз алты ай,
Ашуын жимақшы.
Өзенді еркетай
Ойыннан тыймақшы.
Қалың мұз қара көк,
Ойлама құр бекер
Суыққа жетем деп,
Ыстық күн ерітер.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
магжан жумабаев Сең өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Сең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]