Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Мен сорлы)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Мен сорлы)

Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Бір ісім оңға бармаған.
Мен не жаздым о ғұрлы,
Тәңірі мұнша қарғаған?
Талпындым, түстім ізіне,
Ондалмады бір ісім.
Қарамай құлың жүзіне,
Алла-ау, көрсеттің қысым.
Бел будым, түстім әр жолға,
Тілегім қайтсем табам деп.
Қарамадым оң-солға,
Тілегім үшін шабам деп.
He қылсам да түспеді
Уысыма қуғаным.
Жібермеді, күштеді
Жақын бауыр, туғаным.
Таласқа салды жиғанын,
Барын, арын аямай.
Оқуға бермей - тыйғанын,
Алды-артына қарамай.
Білім іздеп сусаған
Жылайды пендең алдыңда.
Мейірі кең Жасаған,
Құр алақан қалдым ба?..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Мен сорлы өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Мен сорлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]