Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Көңіліңді ашар)
![Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Көңіліңді ашар)](https://www.zharar.com/uploads/magzhan.png)
Көңіліңді ашар,
Жалынды басар
Жоқ жанында жолдасың.
Отырсаң аулақ,
Дерт басса қаулап,
Жұбатар қиял - мұңдасың.
Бейне хор жүзі,
Бейне бал сөзі,
Жан жарыңмен тұрасың.
Құшақтап белден,
Жалындап тілден
Сүйіскендей боласың.
Жалынды басар
Жоқ жанында жолдасың.
Отырсаң аулақ,
Дерт басса қаулап,
Жұбатар қиял - мұңдасың.
Бейне хор жүзі,
Бейне бал сөзі,
Жан жарыңмен тұрасың.
Құшақтап белден,
Жалындап тілден
Сүйіскендей боласың.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: