Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Көңіл)
![Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Көңіл)](https://www.zharar.com/uploads/magzhan.png)
Сұм көңілге разы емен мен,
Тез жанад да, тез сөнед.
Бір тілегін істесең сен,
Оған басқа ой келед.
Жас баладан артық жеңсік
Мұндай нәрсе көрмедім.
Тұрағы жоқ шайтан секек,
Тіпті-ақ сырын білмедім.
Бір жар іздеп, болса әуре,
Таптым, бардым қасына.
«Аш құшағың,- дедім,- сәуле!»
Шомылып көз жасыма.
Жанған жүрек, жасты көріп,
Көңілі сенгіш перизат:
«Ақырын,- деді қолын беріп,-
Жанба, сәулем, көрме жат!»
Жанып-күйіп сүйсе таңда,
Кешке сөнген ол отсыз.
Бүгін мұнда, ертең анда,
Тым-ақ нәрсе ұятсыз.
Тез жанад да, тез сөнед.
Бір тілегін істесең сен,
Оған басқа ой келед.
Жас баладан артық жеңсік
Мұндай нәрсе көрмедім.
Тұрағы жоқ шайтан секек,
Тіпті-ақ сырын білмедім.
Бір жар іздеп, болса әуре,
Таптым, бардым қасына.
«Аш құшағың,- дедім,- сәуле!»
Шомылып көз жасыма.
Жанған жүрек, жасты көріп,
Көңілі сенгіш перизат:
«Ақырын,- деді қолын беріп,-
Жанба, сәулем, көрме жат!»
Жанып-күйіп сүйсе таңда,
Кешке сөнген ол отсыз.
Бүгін мұнда, ертең анда,
Тым-ақ нәрсе ұятсыз.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: