Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зарлы сұлу)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зарлы сұлу)

Қайғыландың, зарландың,
Ісіңді тастап, мұңайып.
Ойнамайсың, ойлайсың,
Күлкіңе салды кім айып?
Жалғыз қалсаң бір үйде,
Өзіңді өзің жылаттың,
Мөлдіреген көзіңді
Қайғылы жаспен шылаттың.
Көп ойладың тыншымай,
Түнде де кірпік бір қақпай.
Талмай көзің жұмбайсың,
Ағарып сүттей таң атпай.
Жаңа піскен алмадай
Толып бір тұрған шағыңда,
Жастық қызығын көрместей,
Heгe сынды сағыд да?
Қайғыға салды кім сені
Тыныштық жүзін көрместей?
Өмір бойы бітпестей,
Зарың мәңгі сөнбестей.
Ерніңді қозғап қайғымен,
Қай жауызды қарғайсың?
Сені бүйткен бейбақтың
Санадан жүзі сарғайсын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Зарлы сұлу өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Зарлы сұлу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]