Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жәй әншейін ойын ғой)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жәй әншейін ойын ғой)

Айт! Құйт! Ха, ха, ха-ау!
Петербор, Мәскеу...
Иванов қалқам,
Мәссаған Арқам!..
Әй, керек-ау, әй, керек,
Арақ ішсең, асыңаМай керек.
Төрелерге жем керек,
Оқығанға шен керек.

Март, апрель, май,
Жорта тұр! Уайдай!
Дүбір шатыр,
Гүбірнатыр - біздің бай.
Керенский Саша! Жаса!
Вся Россия наша!

Толстов, Колчак,
Давай сюда коньяк.
Ой, Иван аламан,
Мен бит, атаман!
Өрледі батыр, өрледі,
Ағаш найза сермеді...
Қарсы алдында қалтиған
Николайды көрмеді...
Саясат - ағаш ат,
Мінді есер - кемесер.
Шу деді сабаз, шу деді,
Шу дегенде гуледі,
Табаны тасқа тимеді,
Туған елін биледі.
«Қызыл ерен - мен,- деді,-
Қазағым, қасым - сен!»- деді.
Шулады қазақ шұрқырап,
Барады «батыр» тырқырап,
Аузынан көбік бұрқырап...
Айтсаңшы иман, молдеке-ау,
Барады ғой қорқырап...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Жәй әншейін ойын ғой өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Жәй әншейін ойын ғой

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]