Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Қандай қымбат)
Өтермін... қанша жүрем...- ұзамаспын,
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдіңқызығы аз ба -
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,
Шырқаймын қиянына құз-жартастың...
Қадірін уақыттың кім біледі?
Жасында кімдер оған ділгір еді?
Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,
Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!
Ажалдың тас құрсауын бұза алмаспын.
Ойласаң қысқа өмірдіңқызығы аз ба -
Мен өзім сондай оймен ырзаластым.
Тірліктің тынысынан елтимін де,
Ақындық шабытынан қыза маспын.
Өрнектеп көкейдегі ой мен сөзді,
Шырқаймын қиянына құз-жартастың...
Қадірін уақыттың кім біледі?
Жасында кімдер оған ділгір еді?
Секундтің сыртылы енді бір ғұмырдай,
Сағаттың қандай қымбат күмбірлеуі?!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Бар қазақ балаларын қалай баққан?)
» Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Түс)
» Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Қарамашы пұлыңның азына, аға)
» Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Мойындау)
» Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Бала бөлеу — сұмдық!— деп, шүйіліпті.)

Іздеп көріңіз: