Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Жан сырымды көрінгенге шертем бе)

Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Жан сырымды көрінгенге шертем бе)

Жан сырымды көрінгенге шертем бе,
Көзім салман серісымақ селтеңге.
Осыншама өрттен қалған Еменмін.
Түбірінен қайта қаулап өртеңде.
Кіл тәттіден тұрса егер сыбағам,
Мен тағдырдан ұзақ ғұмыр сұраман.
Кіл ащыдан тұрса егер сыбағам,
Жылдарымды қиқымдардан құраман.
Сыбағама қарық қылған өлкемде,
Тірлік - теңіз,
Жел толтырып желкенге,
Тартып келем, тағдырымнан тайынбай,
Тартып келем талайлырақ Ертеңге.
Үлесіме қарық қылған өлкемде
Үмітіме жарық құйған Ертеңге
Апармасам Алтын айшық, әз өрнек,
Менің мынау тіршілігім көркем бе?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
музафар алимбаев Жан сырымды көрінгенге шертем бе олен стихи казахском мұзафар әлімбаев өлең, мұзафар әлімбаев өлеңдері, мұзафар әлімбаевтың өлеңдер жинағы, музафар алимбаев олендери казакша, музафар алимбаев стихи казахском языке, Жан сырымды көрінгенге шертем бе

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]