Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Мойындау)

Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Мойындау)

"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...
Күйбеңдемес күні үшін
күрескердің бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ауа баспас пұл үшін
Адалдардың бәрі де -
жастары да, кәрі де -
бәрі менің туысым.
"Аз ата" деп сөкпегін,
Ағайыным көп менің!
Ғарыштың да қуысын,
тарихтың да тынысын
оймен шарлап, сыр түйген
ғалымдар да туысым...
"Аз ата" деп сөкпегін,
ағайыным көп менің...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
музафар алимбаев Мойындау олен стихи казахском мұзафар әлімбаев өлең, мұзафар әлімбаев өлеңдері, мұзафар әлімбаевтың өлеңдер жинағы, музафар алимбаев олендери казакша, музафар алимбаев стихи казахском языке, Мойындау, Мойындау туралы олен өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]