Қазақша өлең: Тұрмағанбет Кенжебаев (Бүгiнгi Алматы)
...Арман болған талайдан мұңдас қала,
Аты Алматы демесең бұл да астана!
Әр орыстың мұндағы он үйi бар –
Он қазақтың басында бiр баспана!
Күштi менен әлдiнiң сөзi жүрген,
Өңшең түлкi айналаң көзi күлген.
Ит пен құсты есiртiп, желiктiрген
Барлығы тек, қайтейiн, өзiмiзден!
Таусылмайтын, бiтпейтiн бастамасы,
Жатырынан қағынған жас баласы.
Қаптаған қалың жынның ордасындай
Қазағымның бүгiнгi бас қаласы...
Көзiне iлмей рухы қашқан елдi,
Ашып қойды ұры мен жатқа жолды.
Жабыла кеп мақтаған нарықтың да –
Бар қызығын бiз емес, басқа көрдi...
Ел болған соң болады ондайлары,
Жамандықты тiзбейiк қай-қайдағы.
Арам асқа тойынып, семiрген соң
Сыртқа қашу бүгiнде сәнге айналды...
Қара нардай қайыспас ерсiң дедi,
Тәуелсiзсiң, еркiнсiң, теңсiң дедi,
Кеңдiгiңдi бар әлем көрсiн дедi –
Барлығын көтеретiн сенсiң дедi...
Арман болған талайдан мұңдас қала,
Мұңдас қала, жаныма сырлас қала.
Әр орыстың мұндағы он үйi бар –
Он қазақтың басында бiр баспана...
Аты Алматы демесең бұл да астана!
Әр орыстың мұндағы он үйi бар –
Он қазақтың басында бiр баспана!
Күштi менен әлдiнiң сөзi жүрген,
Өңшең түлкi айналаң көзi күлген.
Ит пен құсты есiртiп, желiктiрген
Барлығы тек, қайтейiн, өзiмiзден!
Таусылмайтын, бiтпейтiн бастамасы,
Жатырынан қағынған жас баласы.
Қаптаған қалың жынның ордасындай
Қазағымның бүгiнгi бас қаласы...
Көзiне iлмей рухы қашқан елдi,
Ашып қойды ұры мен жатқа жолды.
Жабыла кеп мақтаған нарықтың да –
Бар қызығын бiз емес, басқа көрдi...
Ел болған соң болады ондайлары,
Жамандықты тiзбейiк қай-қайдағы.
Арам асқа тойынып, семiрген соң
Сыртқа қашу бүгiнде сәнге айналды...
Қара нардай қайыспас ерсiң дедi,
Тәуелсiзсiң, еркiнсiң, теңсiң дедi,
Кеңдiгiңдi бар әлем көрсiн дедi –
Барлығын көтеретiн сенсiң дедi...
Арман болған талайдан мұңдас қала,
Мұңдас қала, жаныма сырлас қала.
Әр орыстың мұндағы он үйi бар –
Он қазақтың басында бiр баспана...
...Ештеңеге зауқым жоқ,
денем дел-сал зiл басқан,
Жата бергiм келедi, сол жатқаннан
тұрмастан.
Жазылмаса жазылмас мен жазбаған
бiр дастан –
Айтылмаса айтылмас мен айтпаған
бiр жақсы ән.
Қара түннiң қызулы құшағына көмiлiп,
Жата бергiм келедi тәттi мұңға берiлiп.
Ақ үмiттiң өрмегi тарқады ма сөгiлiп,
Алдамшы қу тiршiлiк
шаршатты ма мезi қып?
Жас баладай тербеген
елтiп тылсым күйiне,
Қалғып кетсем шiркiн-ай,
балқыған сол күйiмде.
Сан тұрып, сан жығылған –
мың күйiп, мың сүйiне
Қош бол, кеттiм ұйқыға,
қайран бiр кем Дүние!
денем дел-сал зiл басқан,
Жата бергiм келедi, сол жатқаннан
тұрмастан.
Жазылмаса жазылмас мен жазбаған
бiр дастан –
Айтылмаса айтылмас мен айтпаған
бiр жақсы ән.
Қара түннiң қызулы құшағына көмiлiп,
Жата бергiм келедi тәттi мұңға берiлiп.
Ақ үмiттiң өрмегi тарқады ма сөгiлiп,
Алдамшы қу тiршiлiк
шаршатты ма мезi қып?
Жас баладай тербеген
елтiп тылсым күйiне,
Қалғып кетсем шiркiн-ай,
балқыған сол күйiмде.
Сан тұрып, сан жығылған –
мың күйiп, мың сүйiне
Қош бол, кеттiм ұйқыға,
қайран бiр кем Дүние!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: