Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Бағалау)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Бағалау)

Батырды бағалайтын балтасынан.
Ақынды сөздерінен бал тасыған.
Заман-ай зар жылатып,сан құбылып,
Аударған дүниені шалқасынан.
Бүгінгі күн бағалау тіптен бөлек,
Таныйды құрметтіні қалтасынан.
Сыйлайды мынау соның əйелі деп,
Көз алмай қарап лағыл алқасынан.
Көрмейді ішкі жанынын дүниеге,
Құныққан көздерінің қалқасынан.
Өлген соң бағалайды амалыңмен,
Ұмытқан елмен жұртқа жалпы ашынам.
Нəпсіңді жеңемін деп ниет қылсаң,
Бойыңда күш қуатың бар тасыған.
Бір Алладан басқаға сыйынбасаң,
Жұмақтың орын берер ортасынан.
Жебейтін жалғыз ғана жаратқаның,
Құласаң қыл көпірдің жартасынан.
Қорқатын тəңірінен мұсылманның,
Суық тер шығаратын арқасынан.
Құлдарға құдайымның құдыреті,
Əлемнің көрініп тұр картасынан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Исмағұлов Сабыржан Бағалау өлең олен стихи на казахском, Исмагулов Сабыржан өлең олен стихи на казахском, Исмағұлов Сабыржан өлеңдері, Бағалау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]