Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Керек кеңес)
Тынысы таусылады құр демдінің.
Білінер білімдіге бірден мінің.
Ұйқасы қанша мықты болғанымен.
Жасыра алмайды ол жыр кемдігін.
Үзілсе сыйластығың кімге керек,
Сырт көзге кісі болып жүргендігің.
Бұлт болар жомарттыққа жоқшылығың.
Кəсіппен кеңеймесе іргең бүгін.
Періште болмаған соң пенделерге,
Дүние көрсетеді бір кемдігін.
Құралған сынақтардан құрық жалған,
Білінбес біраз өмір сүргендігің.
Күнə боп саналады сырттан сөйлеу,
Керуенге əсер етпес үргендігің.
Бір пайдаң тимеседе зиян қылма,
Уағыздап осы жайды жүрген дінің.
Абырой берсе құдай өзің төкпе,
Тазармас сумен жусаң кірден күнің.
Досқа күлкі дұшпанға таба болсаң,
Тірідей қара жерге кіргендігің.
Білінер білімдіге бірден мінің.
Ұйқасы қанша мықты болғанымен.
Жасыра алмайды ол жыр кемдігін.
Үзілсе сыйластығың кімге керек,
Сырт көзге кісі болып жүргендігің.
Бұлт болар жомарттыққа жоқшылығың.
Кəсіппен кеңеймесе іргең бүгін.
Періште болмаған соң пенделерге,
Дүние көрсетеді бір кемдігін.
Құралған сынақтардан құрық жалған,
Білінбес біраз өмір сүргендігің.
Күнə боп саналады сырттан сөйлеу,
Керуенге əсер етпес үргендігің.
Бір пайдаң тимеседе зиян қылма,
Уағыздап осы жайды жүрген дінің.
Абырой берсе құдай өзің төкпе,
Тазармас сумен жусаң кірден күнің.
Досқа күлкі дұшпанға таба болсаң,
Тірідей қара жерге кіргендігің.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (1 Сәуір — Күлкі күні)
» Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Жер сұраған қытайдың жазасы)
» Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Ұлың менмін ұлтым деген)
» Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қыздардан үлгі алайық)
» Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Үлгі боп жүрген жоқпыз жастарға түк)

Іздеп көріңіз: