Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Орамалын кестелеп...)

Романс
Таң алдында тәтті ұйықтап
Тынықты жас келіншек,
Отырған ол түн ұзақ ,
Орамалын кестелеп.
Алыста жүр сүйгені
Шекараны күзетіп.
Кеше ғана хат келді
Қайтамын деп жыл өтіп.
Қуанышты жарының
Айтқан сөзі еске кеп,
Отырды түн ұзақта,
Орамалын кестелеп

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: