Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Өзіңе сен, жас ойшыл)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Өзіңе сен, жас ойшыл)

(Лермонтовқа еліктеп)

Өзіңе сен, жас ойшыл,
Тіл өнерің отпен тең.
Жаз күніндей жастық жыр
Жалын атсын жүректен.

Қанат қағып тез ұмтыл,
Шарықтайтын туды кез.
Жарысқа түс, безеп тіл,
Ұмтыл алға, ұмтыл тез.

Жалындаған жүректен
Жарқылдаған от көрем.
Қанатымен өлеңнің
Көтерілем көкке мен!

Жүректе жалын болса егер,
Жайнап шығар аспанға.
Өмір, өзің қуат бер
Жалындаған жас жанға!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Өзіңе сен жас ойшыл өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, Өзіңе сен жас ойшыл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]