Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Днепрде)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Днепрде)

Тулай ағып тынымсыз,
Дүрілдеген днепр.
Жағасында сұлу қыз
Жыламсырап неге тұр?

Алып қашып келеді
Қайықты бос толқындар.
Қайырғаны сол еді
Келмеген соң қайтып жар.

Қалды ма екен толқында
Аударылып қайықтан?...
Әлде жары тағы да
Келер ме екен ғайыптан.

Ағып жатыр днепр
Толқындатып үмітті
Көрінер деп көзге бір
Қарап жарын қыз күтті...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин днепрде өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, днепрде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]