Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Менің қызметім)
-шырағым қызметің не
бастықпысың?
-жоқ, ақсақал, өлеңшімін.
Жоқ, бастық емеспін мен,
өлеңшімін.
Сүйемін өлең деген өнер шыңын.
Жыршымын тіл безеген
жыр етуге
Заманның ағып жатқан өзен сырын.
Өзімше, министрмін сөздерге мен.
Әмірді ойларыма өзім берем.
Сегіз сағат қана емес,
тәулік бойы
Тартысамын сірескен сөздерменен.
сөз-қыңыр,
Қатты кейде теміріңнен,
Отты ойдың шығар қызып, көрігінен.
Заводтай зор заказды орындаған,
қуанам,
Үндессе жыр өміріммен.
Қазір жыр көтермейді қыңырлықты.
Бұлтыңнан, дауылыңнан өмір мықты.
Өр болса ақын жанның,
көтер көкке
Өлеңге өмір артқан ауыр жүкті.
бастықпысың?
-жоқ, ақсақал, өлеңшімін.
Жоқ, бастық емеспін мен,
өлеңшімін.
Сүйемін өлең деген өнер шыңын.
Жыршымын тіл безеген
жыр етуге
Заманның ағып жатқан өзен сырын.
Өзімше, министрмін сөздерге мен.
Әмірді ойларыма өзім берем.
Сегіз сағат қана емес,
тәулік бойы
Тартысамын сірескен сөздерменен.
сөз-қыңыр,
Қатты кейде теміріңнен,
Отты ойдың шығар қызып, көрігінен.
Заводтай зор заказды орындаған,
қуанам,
Үндессе жыр өміріммен.
Қазір жыр көтермейді қыңырлықты.
Бұлтыңнан, дауылыңнан өмір мықты.
Өр болса ақын жанның,
көтер көкке
Өлеңге өмір артқан ауыр жүкті.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: