Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Шыққан күнге қуанам)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Шыққан күнге қуанам)

Шықты шынға жарқырап күн ақ маңдай.
Дүниеге туды бүгін бақ қандай?!
Ерте тұрып күнге қарап қуанам,
Жаңа өмірім күліп келе жатқандай.
Өткен күннің әбігері таралып,
Тірлік ісін келер қайта таң алып.
Жаңғырғандай тез жылжыған өмірім,
Шыққан күннен күтем тағы жаңалық.
мейлі, түнге өкініштер сүңгісін,
Ардақтаймын құдіретті күн күшін.
Жаңа шыққан күнге қарап қуанам,
Келгендей бір жаңа жаршы-
жыл құсым.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Шыққан күнге қуанам өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, стихи на казахском языке известных авторов, Шыққан күнге қуанам

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]