Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бәйтеректен ұялдым)

Есігімнің алдында
Бәйтерек бар тым биік.
Тәкаппар бір қалпында
Жайқалады дүрдиіп.

Осы терек сірә да
Құрдас шығар менімен.
Бірақ бейне мұнара,
Дәйім асқақ керілген.

Құрдас жылдар өткен бе,
Ақшаланды бұл басым.
Жапырақ жайып көктемде
Жасарады құрдасым.

Ол тұр асқақ сипатпен
Биігіндей қиялдың.
Ақ шашымды сипап мен,
Бәйтеректен ұялдым...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Бәйтеректен ұялдым өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, стихи на казахском языке известных авторов, Бәйтеректен ұялдым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]