Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Жеңешем)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Жеңешем)

(Күлшайға)

Жас кезіңде жақсы едің ғой, жеңешем.
Мұнша қатты бола қалдың неге сен?
Ұлғайғанда игі болар ізгілік,
Бұл жалғанда мәңгі тұрам демесең.

Жаз кезіңде жайдары ең ғой, жеңешем,
Қарлы аяздай қаһарлысың неге сен?
Қайда кетті жаныңдағы жылылық,
Күлмейсің бе, өмірді бір елесең.

Жаз кезіңде жүзі нұрлы жеңешем,
Мен келгенде түнересің, неге сен?
Аз ба менің жүрегімде өкпе-наз,
Жұрт алдында жайраңдайды демесең?

Әз әжемнің келінісің, жеңешем,
Сен өзіңді сол енеңе теңесең,
Жиендерің ойнақтаса төріңде,
Қартайсаң да, қатал кемпір демес ем...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Жеңешем өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, стихи на казахском языке известных авторов, Жеңешем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]