Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Теңізге қарап)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Теңізге қарап)

Адамдардың ежелгі сұр ашуын
Толқын етіп, теңіз тартып алған ба?
Бұрқанады салып шулы асырын,
Ұқсап селі мәңгі кек пен арманға.

Адамдардың ежелгі мол сабырын
Тұңғиыққа теңіз тартып алған ба?
Томсарады, тыңдап дүние дабырын,
Данышпанша ойлы қарап жалғанға.

Теңіз де - өмір, оған да қас, қарсы бар.
Мейлі, кейде ашумен де шалқысын.
Өзімде де ашу шіркін бар шығар,
Берші, теңіз, сабырыңның жартысын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Теңізге қарап өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, стихи на казахском языке известных авторов, Теңізге қарап, теңіз туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]