Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бозбалаға)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Бозбалаға)

(әзіл)

Шағың ба бұл суынар,
Неге тұрсың қуарып?
Бақшада көп сұлулар,
Қайт көзіңді суарып.

Ізде бақтан сәулеңді,
Ора, бірін құшаққа.
Күндеймін-ау сендерді,
Қыздар – сұлу бұл шақта.

Отты көзді қалқаның
Оттан ыстық жаны бар.
Өзім талай байқадым,
Көрсең жаның жалындар.

Қадалса ғой көзі бір,
Жігітім-ау,білер ең.
Сезгің келсе, өзің жүр,
Қызғанбасаң, мен ерем...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Бозбалаға өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, Бозбалаға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]