Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Тұңғиық шіркін жасарар...)

Қазақша өлең: Қалижан Бекхожин (Тұңғиық шіркін жасарар...)

Тұңғиық шіркін жасырар,
Түбінде бар ой терең.
Толқындарда не сыр бар?
Тілін білсем,айтар ем.

Жатыр шалқып көк айдын,
Ой сапырып толғанып.
Телегейге қараймын,
Тебіренсе, таң қалып.

Әлемнің күллі ойлары
Толқындаған тәрізді.
Тіршіліктің майданы
Теңселткен бе теңізді?

Қарап үнсіз мен тұрмын,
Тасып жатыр ой терең.
Тілін білсем толқынның,
Шалқып бірге кетер ем.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалижан бекқожин Тұңғиық шіркін жасарар... өлең олен стихи на казахском языке калижан бекхожин, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан бекхожин олендери, стихи на казахском языке калижан бекхожин, стихи на казахском языке известных авторов, Тұңғиық шіркін жасарар...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]