Қазақша балалар өлеңі: Көкешім

Қазақша балалар өлеңі: Көкешім

Сөзі Ә.Асылбектікі
Әні М. Омаровтікі

Көкесі: Айналайын, бөпешім,
Ән салады көкешің.
Есейгенде ер жетіп,
Кім болады екенсің?

Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,
Тәнті балғын бөпешің.
Әсерлі де әуенді
Әнге құмар етесің.

Бірге: Ән – көңілдің ажары,
Ән – өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,
Қазағымның жаз әні.

Көкесі: Айналайын, бөпешім,
Ән салады көкешің.
Жалғастырсаң жолымды,
Жарық күнім екенсің.

Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,
Тәнті балғын бөпешің.
Әнші балапаныңды,
Шын мақтаныш етесің.

Бірге: Ән – көңілдің ажары,
Ән – өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,
Қазағымның жаз әні.
Ән – көңілдің ажары,
Ән – өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақша балалар өлеңі, қазақша балалар әндері тегін жүктеу, казакша балалар андери, казакша олендер балаларга арналган, стихи для детей на казахском языке, Қазақша балалар өлеңі: Көкешім әні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]