Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Доллар мен нан бағасы)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Доллар мен нан бағасы)

Көңілім арылмады-ау қапа мұңнан.
Ұйқы жоқ таңға дейін жатарымнан.
Осылай анда-санда өлең жазам,
Ілгері жүрейін деп қатарымнан.
Өнерің өрлесін деп жаны ашыған,
Үлкендер қолын жайып бата қылған.
Жүрген бір ақынсымақ адамсың деп,
Біреулер өзімдіде қапа қылған.
Дін жайлы жырлап жатсам түсініңдер,
Қорғағым келеді елді жат ағымнан.
Жүрмесең елдің мұңын жырға қосып,
Не пайда ақын деген атағыңнан.

Біреудің жер өртесе аты шығар.
Бассыздың еліктейтін батысы бар.
Мың теңге болып кетсін доллар мейлі ,
Әйтеуір көтерілер сатысы бар.
Жарысып жүрміз нарық заманында,
Мінгенге бұл қазақтың аты шыдар.
Қазір мен айтып жатқан осы жайды,
Айтуға əр қазақтың хақысы бар.
Біздің ел өндірседе барі қымбат,
Сауданың былығымен шатысы бар.
Қымбат қой қарапайым азық-түлік,
Доллардың оған қандай қатысы бар?!

Доллары бар адамға бақ берді ғой.
Бұл жылға бір дағдарыс тап келді ғой.
Тағынан түсе қоймас доллар енді,
Көп елге қымбатшылық ап келді ғой.
Қысылып жүрген кезде халық қазыр,
Дағдарыс алқымынан шап берді ғой.
Бір ауыз сөз айтайын билікке мен,
Айтылмай ішімізде қап келді ғой,
Құрдымға кетіп бара жатыр елім,
Доллардан бас тартатын шақ келді ғой.

Құны жоқ теңгеміздің таңданасың.
Жыйнауға біраз ақша қамданасың.
Кенеттен көтеріліп доллар құны,
Жіберді шырқыратып жанды алашым.
Қымбаттап кетті барі көзбен көрдім,
Естіген қауесетке нанбағасын.
Нан ғана қымбаттамай тұрған кезде,
Қарап ем бұл қалай деп таңдана шын.
Нан қымбат болады екен жаңа жылда,
Оны естіп іштей ғана шамданасың.
Екі жүз болады деп айтып жатыр,
Долларға жеткізе ме нан бағасын.
Алыста балам қалай күн көрер деп,
Алаңдап атырады таңды анашым.
Бұл жалған өмірдегі иман ғана,
Жəнеде кеудеңдегі жан ғана шын.
Сынақ қой бұл да бізге Алла берген,
Шүкір деп қанағат пен жан бағасын.
Ел жайын айтуды мен тоқтатармын,
Бір күні ажал келіп жанды ағасын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Исмағұлов Сабыржан Доллар мен нан бағасы өлең олен стихи на казахском, Исмагулов Сабыржан өлең олен стихи на казахском, Исмағұлов Сабыржан өлеңдері, габиден кожахмет олен, Доллар мен нан бағасы, доллар, нан, баға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]