Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Аруларға тілек)

Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн,
Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың.
Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі,
Алмастыра алмас оны жақұт мың.

Отау етіп көтеретін іргені,
Болсам дейді ару да ел іргелі.
Бақыт дейтін алаңсыз қыз шаттығы,
Сүйіктімен бірге өткізген күндері.

Қыз-көңілде мысқалдай мұң тұрмасын,
Жүректерің шықтай тілек тыңдасын.
Қыз-қиялың көктен жұлдыз ілдіріп,
Қыз-сезімнің әнін өмір жырласын.

Қыз-арманың биік ұшсын - самғасын,
Сүрінбеңдер, кездессе де жолда сын.
Ай сәулесі тәтті түс боп тербетіп,
Ару-түннің алаң күні болмасын.

Сонда өзің де гүлдей болып жайнарсың,
Айналаңа әсемдік шын жайғансың.
Қамсыз күнің ертеңіңе ұласып,
Армандарың бақ күніне айналсын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғабиден қожахмет Аруларға тілек өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен, Аруларға тілек, ару қыздар туралы өлеңдер, аруға тілек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]