Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Кездесуге барғанда)

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Кездесуге барғанда)

Қолымда гүл, астымба велесебет
Қуанышқа болады теңесе көп
Жүрегім алып ұшып тұрған кезде
Кездесуге болмасын неге себеп?!

Қиялыммен бұлттардай көшкем бөлек
Дейсіңбе бақыт үшін не істеу керек?
Бір-бірінсіз ешқайда бара алмайтын
Секілді болайықшы қос дөңгелек

Мен келдім, мұңаймашы күрсінбе түк
Сезімімді барлығы білсін жетік
Кеудедегі жүрегі жібімесе
Адам боп қала алмайды құр сүлде түк

Сондықтан сағына біл сүйе де біл
Жағылған сене бермей күйеге құр
Тағдырға сезіміңді мойындатсаң
Амалсыз басын саған иеді өмір

Бұл жолда арпалыс та күрес те көп
Адалдық-бізге берген үлес көмек
Тағдырдың жолдарында бұралаңды
Күреспеуің үшін де күрес керек

Басыма бақ құсы боп ептеп қонсаң
Қиынға бастай қоймас көптеп жол сан
Ал енді отыра ғой велсебетке
Зымыра демейді ме кетпек болсаң...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Айбек Бестенқұлов Кездесуге барғанда өлең олен Айбек Бестенкулов стихи на казахском, Айбек Бестенқұлов өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]