Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Үнсіз жүрек)

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Үнсіз жүрек)

Ол кезде жырсыз жүр ек үнсіз жүр ек
Сезімді тапқан сен ең шын сүзгілеп
Үміттің құба таңын атырғансың
Қымбаттым ұнатамын бір сізді деп

Әлі есімде сәулесі ақ таңдардың
(Тек мен ғана өзімді тәтті алдармын)
Достарыма көрсетіп суретіңді
Мынау менің қызым деп мақтанған күн

Қуаныш па білмедім мақтаныш па?!
Жетердей болып едім тап ғарышқа
Жаныма жақындауын жақындап ап
Кеткенің не қымбаттым қатты алысқа

Демеймін бізге қарап құнсыз жұп ек
Ұстаған қолда кетер тілсіз гүл ек
Үндемей кетіп қалған сені ойласам
Үндемей мұңаяды үнсіз жүрек...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Айбек Бестенқұлов Үнсіз жүрек өлең олен Айбек Бестенкулов стихи на казахском, Айбек Бестенқұлов өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]