Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Сен кеткелі)
Түрім де бұзылғандай сен кеткелі,
Еш кетіп сезімімнің еңбектері.
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.
Ісімнің де түк емес кері кеткені,
Қинайды өкініштің тербеткені.
Шырылдауын қоймады-ау жаным менің
Сәби сезім секілді жөргектегі.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.
Мұңменен қапталғандай көл беттері,
Болыппын сезімсіздің ермектері.
Мені алысқа әкетіп бара жатыр
Жалғыздықтың жасаулы жендеттері.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі....
Жапалақтап түсiрсе қарды көктен,
Арман келiп құлағандай арғы беттен.
Салқындық самал болып есе берсiн,
Ал менiң жүрегiмде мәңгi көктем.
Аппақ қар әкелгенде тұн тыныштық,
Отырып үлкен ойға ұмтылыстық.
Әйтеуiр жауратпайды жылытады,
Сезiмiм саған деген мүмкiн ыстық.
Қарсы кеп соқанымен беттен ызғар,
Жол тауып жақсылыққа жеткен iз бар.
Құшақтап тұрсақ-тағы қуанышты,
Өзiмсiнiп айтатын өкпемiз бар.
Мен жалын, сағындырған сен бiр сағым,
Көк мұз алып тұрғандай көлдiң сәнiн.
Сен кетпешi, сен кетсең iздеймiн ғой,
Жанарыма сыйдырып жердiң шарын,
Өкiнем өртенемін жанып барам,
Жалғандықтан шаршадым жалықпаған.
Ах ұрып аспан жаққа қарап тұрмын,
Қар ғана қайғысы жоқ қалықтаған.
Еш кетіп сезімімнің еңбектері.
Аспан өзі күрсініп тұрғанменен
Жұбатуға тырысты жер-көк мені.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.
Ісімнің де түк емес кері кеткені,
Қинайды өкініштің тербеткені.
Шырылдауын қоймады-ау жаным менің
Сәби сезім секілді жөргектегі.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі.
Мұңменен қапталғандай көл беттері,
Болыппын сезімсіздің ермектері.
Мені алысқа әкетіп бара жатыр
Жалғыздықтың жасаулы жендеттері.
Қиын болып кетті ғой сен кеткелі....
***
Жапалақтап түсiрсе қарды көктен,
Арман келiп құлағандай арғы беттен.
Салқындық самал болып есе берсiн,
Ал менiң жүрегiмде мәңгi көктем.
Аппақ қар әкелгенде тұн тыныштық,
Отырып үлкен ойға ұмтылыстық.
Әйтеуiр жауратпайды жылытады,
Сезiмiм саған деген мүмкiн ыстық.
Қарсы кеп соқанымен беттен ызғар,
Жол тауып жақсылыққа жеткен iз бар.
Құшақтап тұрсақ-тағы қуанышты,
Өзiмсiнiп айтатын өкпемiз бар.
Мен жалын, сағындырған сен бiр сағым,
Көк мұз алып тұрғандай көлдiң сәнiн.
Сен кетпешi, сен кетсең iздеймiн ғой,
Жанарыма сыйдырып жердiң шарын,
Өкiнем өртенемін жанып барам,
Жалғандықтан шаршадым жалықпаған.
Ах ұрып аспан жаққа қарап тұрмын,
Қар ғана қайғысы жоқ қалықтаған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: