Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Қоштасқым келмейді)

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Қоштасқым келмейді)

Болса да сабыр сақта мекенiң көп,
Сен маған артпағайсың өте міндет
Кет демешi кететiн ит емеспiн,
Және де қорқытпашы кетемiн деп.
Жанып тұрмын қалаймын өшпегендi,
Бiрақ сен жоғалтпайсың ештеңеңдi.
Сәлем деген сөзiңе қуанушы ем,
Кiм үйретiп жүр саған қош дегендi.
Қалатыным белгiлi қалағанмен,
Жанымның жарасы ауыр жамағанмен.
Сен менi ескiлiк деп есiркейсiң,
Жаңа жылды қарсы алып жаңа адаммен.
Мұңымнан орнатсамда мүсiн саған,
Бақыттың ұшырар ем құсын саған.
Өзiңнiң дидарыңды көру үшiн,
Болуға келiсер ем "үшiншi адам".
Көнсең де айтарым сол көнбесең де,
Жаныңда тұра берем жерлесеңде.
Бiр ақынның жүрегiн жараласаң
Қай бетiңмен қарайсың елге сен де?!
Болғанмын сенi талай алып қашпақ,
Болашаққа жолымды анық бастап.
Сенiң сөздiк қорыңды ақтарам да,
Қош бол деген сөздердi алып тастап.
Жүзсе де жанарыңда от кемесi,
Меннен басқа адамды көксемешi.
Менiң сеннен жалынып сұрайтыным
Кетем деме және де кет демешi.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Айбек Бестенқұлов Қоштасқым келмейді өлең олен Айбек Бестенкулов стихи на казахском, Айбек Бестенқұлов өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]