Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Жүрейiн)

Қазақша өлең: Айбек Бестенқұлов (Жүрейiн)

Жауапсыз сезiмдi жырламай,
Көңiлсiз әндердi тыңдамай
Көрiктi көнiлдi бiр демде,
Көрiксiз мұңменен былғамай
Жүрейiн.

Сұлуды көрсем де қарамай,
Қуанып бақытқа баламай!
Орынсыз сөз естiп қалғанда,
Өзiмдi ойменен таламай
Жүрейiн.

Ақылды көрiніп сынамай,
Құлайтын жерлерде құламай
Күлетiн кездерде күрсiнбей,
Жүбату iздемей, жыламай
Жүрейiн.

Сен деген адамға сiз демей,
Бәрiне кiнәлi күз демей
Iздеген жандарды ұмытпай,
Ұмытқан жандарды iздемей
Жүрейiн.

Сүймеген адамды ұнатпай,
Жазықсыз адамды жылатпай.
Ешкiмдi тұғырға көтермей,
Көтерген адамды құлатпай.
Жүрейiн.

Жүрсе де кiм ал да,кiм кейiн,
Өкiну дегендi бiлмейiн
Бастысы дәл осы айтқанды,
Күнi ертең ұмытып жүрмейiн!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Айбек Бестенқұлов Жүрейiн өлең олен Айбек Бестенкулов стихи на казахском, Айбек Бестенқұлов өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]