Қазақша өлең: Сағыныш Намазшамова (Біз бәлкім, кезігерміз)

Қазақша өлең: Сағыныш Намазшамова (Біз бәлкім, кезігерміз)

Біз бәлкім, кезігерміз, кезікпеспіз,
Дәл енді баяғыдай желікпес күз.
Дәл енді баяғыдай нән шаһарда,
ыстық сезім, ынтық шақ аңсатар ма?
Қызғаныштан қызуымыз көтеріліп,
Шәрбәт татып тұрар ма шекер үміт?!
Татуласып қайтадан, «жаным» десіп
Жүрмеген соң, білерсіз халім нешік.
Елең етіп, жол қарап, құлақ түріп,
Сан күдікті санамнан лақтырып,
Қайран күндер қайырылса «қарағым» деп,
Мен тұрар ем бақытқа балағым кеп.
Ғашық дерті жаныма болып қайғы
Жол үстінде қайтадан жолықпайды.
Қараша үйден естілген қараша әні,
Жалғыздыққа жар болып жарасады.
Біз бәлкім кезігерміз...

* * *

Қауырсыным қардай аппақ,
Бауырым,
ол да ақ түсті болса деп ем ақ тілеп.
Ақ дүние сипатпастан сауырын,
Ұшқан құстай ұзап кетті бақ тілеп.
Аш белімде ақ семсерім бар еді,
Қылпылдаған қыланы жоқ кешегі.
Аңсау болған ақтың салған әлегі,
Сірә, бүкіл ғұмырыма жетеді.
Ақ орамал бұлғап едім ақ бұлтқа,
Көзін ақ шел қаптаған ба, көрмеді.
... Енді апара жатқанында ақтыққа,
Қара мені емдеді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Сағыныш Намазшамова Біз бәлкім кезігерміз өлең олен Сагыныш Намазшамова стихи на казахском, Сағыныш Намазшамова өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]