Қазақша өлең: Сағыныш Намазшамова (Көктем боп жырлап өтт ақын)
(Әбен Дәуренбековтің рухына)
Күліп жүргенмен, көпке сыр айтпай,
Өлең ғана еді ет жақын.
Өктем өмірге өкпесін артпай
Көктем боп жырлап өтті ақын.
Бағыңды қонған бағалай алсаң,
Жылжытар алға көшіңді ой.
Баладай аңғал, даладай дархан
Ақын дегенің осы ғой!
Жаным ерекше күй қалайтындай,
Көшкен бір бұлтпен ауса мұң.
Сиқыры жырдың сипалайтындай
Мадина қыздың саусағын.
Көңілде бүгін көп алаң ба екен?
Көп алаң болса, не дерсің?
Көктемде қайта оралар ма екен
«Балконнан ұшқан көгершін»?!
* * *
Қауырсыным қардай аппақ,
Бауырым,
ол да ақ түсті болса деп ем ақ тілеп.
Ақ дүние сипатпастан сауырын,
Ұшқан құстай ұзап кетті бақ тілеп.
Аш белімде ақ семсерім бар еді,
Қылпылдаған қыланы жоқ кешегі.
Аңсау болған ақтың салған әлегі,
Сірә, бүкіл ғұмырыма жетеді.
Ақ орамал бұлғап едім ақ бұлтқа,
Көзін ақ шел қаптаған ба, көрмеді.
... Енді апара жатқанында ақтыққа,
Қара мені емдеді.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Сағыныш Намазшамова (Біз бәлкім, кезігерміз)
» Қазақша өлең: Сағыныш Намазшамова (Айғайқұм)
» Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Мені ертіп кетті сағыныш)
» Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күзгі өлең)
» Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Заманға айтпай маған айттың бар зәріңді ақын дос)

Іздеп көріңіз: