Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Сынық Аймен сырласу)

Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Сынық Аймен сырласу)

Тұман –сезім толқыды жанарымда,
Қасыреттің тұтқын боп қамалында.
Қорқам,бір күн шыға алмай сол қамалдан,
Сынық аймен сырласып қаламынба?!
Сынық айдың сыртынан жұлдыз күлді,
Тас қақпадан телміріп бір қыз жүрді.
Сынық айдың сәулесі сол бір қыздың
Көкірегінің сарайын «күндіз» қылды.
Тастай батса тақсырет қабырғама,
Салқын нұрын себетін сабыр ғана
Жұмаққа ыетық жаныммен жымдаспайтын
Топырақтан жаралған тәнім жара...
Еәрін бойға нәзіктік таратқанда,
Әрең жеттім алқынып абат таңға.
Тастан емес жаралған топырақтан,
Тәубе демей не деймін Жаратқанға.
Тамыры жоқ тас болып керегі не,
Тәнті болдым Тәңірдің дегеніне
Топырағым қабірге айналғанша,
Тамырымды тартамын тереңіме
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Назгүл Бердіқожа Сынық Аймен сырласу өлең олен назгул бердикожа стихи на казахском, Назгүл Бердіқожа өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]