Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ауылым - алтын бесігім!)

Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ауылым - алтын бесігім!)

Дүние есігін аштым нағыз ауылда,
Қақаған қыс,қарлы боран дауылда.
Ес білгенше ортасында тербелдім,
Жүректері жыр деп соққан қауымда
Нұртуғанды жаттап өсіктік бар бала,
Нарттай жырын тыңдаушы едік таңдана
Зейнолланың отты жырын оқысақ,
Демін тартып қалушы еді- ау сар дала
Қырдың гүлі-қызғалдақтар бұрымда
Асыр салдым аппақ күміс құмында
Нағашымның ауылына барғанда
Балық болып жүздім Сырдың суында
Құба бел мен күрең жиек арасы
Неткен ыстық ,неткен әсем қарашы!
Табанымнан өткен құмның ыстығын
Самалымен желпіген Сыр даласы
Иір бұтақ ,дүмбіл-дүмбіл шүйдесі-
Жидесімін сырласамын сөйлесіп
Көкірекке әуен толып тасамын
Періштедей жұмақтағы күй кешіп
Ертегідей болушы еді бір түні;
Әупілдектің әрең шыққан зіркілі
Зерлі аспанға қол созады ұмсынып,
Жерошақтан тіке шыққан түтіні
Самал есер сипап жердің сауырын
Аялай ма туған жерін бауырын
Бейуақта еске түссе мұң кенреп
Сағынамын,сағынамын ауылым.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ауылым алтын бесігім өлең олен стихи, ауыл туралы өлең, ауыл туралы өлең жолдары, стихи на казахском языке про аул, стихи на казахском языке про село, Назгүл Бердіқожа Ауылым алтын бесігім өлең олен назгул бердикожа стихи на казахском, Назгүл Бердіқожа өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]