Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Қарғалдақ...)

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Қарғалдақ...)

Жанарым толған сезімнің ұшқынды өлеңі,
Еліттің сәулем көзіме түстің де мені.
Өзіңмен бір сәт сырласып өткенгі күндей,
Көктемгі гүлдей құшаққа қысқым келеді.
Сейілтіп мұңды шертіп ең жүректің қылын,
Көлеңке басқан көңілді нұр еттің күнім.
Жиырма бесімнен селт етпей келген едім ғой,
Жолығып саған неліктен дір еттім бүгін.
Кездескен сайын рухани қаламын байып,
Сырымды бүкпей тек саған саламын жайып.
Әріңді бермей сақтапсың сәніңді көркем,
Жүрсең де бүгін тағдырдан табаның тайып.
Еліктей еркем қырларға жүз барған ойнап,
(Жазбаппын өлең дәл сендей қызға арнап әйбәт)
Қара көз қалқам тауда өскен қарғалдақ сынды,
Ақ қарда солмай, құлпырған ызғарда жайнап.
Жанарым толған сезімнің ұшқынды өлеңі,
Мен қыран болсам сен едің құстың бөлегі.
Өзіңмен бір сәт сырласып өткенгі күндей,
Көктемгі түнде тағы бір құшқым келеді...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жанкелді Немеребай Қарғалдақ өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]