Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр)

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр)

Астынан қардың ақ мамық,
Өмірге келген жап-жарық.
Ғұмыры қысқа бәйшешек,
Қалады-ау бір күн тапталып.
Қоштасып қимай қыс кетті,
Алмасып мезгіл құс кепті.
Жастық та өтер жалт етіп,
Найзағай оты іспетті.
Тұрса да өсіп күнгейде,
Солады екен гүл бейне.
Өмірдің солай өткенін
Қаларсың ертең білмей де.
Көктемнің көркі - назды гүл,
Көрмейтін мүлде жазды бір.
Табиғат заңы осындай,
Жасындай жанған аз ғұмыр.
Өмір мен мынау өлкені,
Жыр қылып өту - серт еді.
Жырлайын ерке сезімді,
Гүл ғұмыр өтпей келтелі...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жанкелді Немеребай Гүл ғұмыр өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]