Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Гүл-ғұмыр)
Астынан қардың ақ мамық,
Өмірге келген жап-жарық.
Ғұмыры қысқа бәйшешек,
Қалады-ау бір күн тапталып.
Қоштасып қимай қыс кетті,
Алмасып мезгіл құс кепті.
Жастық та өтер жалт етіп,
Найзағай оты іспетті.
Тұрса да өсіп күнгейде,
Солады екен гүл бейне.
Өмірдің солай өткенін
Қаларсың ертең білмей де.
Көктемнің көркі - назды гүл,
Көрмейтін мүлде жазды бір.
Табиғат заңы осындай,
Жасындай жанған аз ғұмыр.
Өмір мен мынау өлкені,
Жыр қылып өту - серт еді.
Жырлайын ерке сезімді,
Гүл ғұмыр өтпей келтелі...
Өмірге келген жап-жарық.
Ғұмыры қысқа бәйшешек,
Қалады-ау бір күн тапталып.
Қоштасып қимай қыс кетті,
Алмасып мезгіл құс кепті.
Жастық та өтер жалт етіп,
Найзағай оты іспетті.
Тұрса да өсіп күнгейде,
Солады екен гүл бейне.
Өмірдің солай өткенін
Қаларсың ертең білмей де.
Көктемнің көркі - назды гүл,
Көрмейтін мүлде жазды бір.
Табиғат заңы осындай,
Жасындай жанған аз ғұмыр.
Өмір мен мынау өлкені,
Жыр қылып өту - серт еді.
Жырлайын ерке сезімді,
Гүл ғұмыр өтпей келтелі...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Сағынып, сағынып сағынышты тауыстым)
» Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Киелі есім түсіме жиі енесің...)
» Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Тұнық сезім)
» Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Сен жайлы соңғы жыр)
» Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Күзгі түн)

Іздеп көріңіз: