Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Ауғаннан хат)

Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Ауғаннан хат)

(жауынгер монологі)

Туған елге жүрмін-ау елеңдеп мен,
(Тағдырымды қайтейін терең кеткен.)
Қалдым тағы көз жазып бір досымнан,
Не береді білмеймін келер көктем?
Бітер емес бұл соғыс жұмбақталған,
Ағып жатыр жұлдыздар мұңлы аспаннан.
Жетер ме екен өзіңе жазған хатым,
Ақ параққа жүректен сырды ақтарған.
Түсін мені аяулым, асыл құрбым,
Кейіпкері жарқ еткен жасын жырдың.
Алаңдаумен майданның даласында,
Қауып-қатер сәт сайын басып жүрмін.
Қара тауда қардай оқ бораған күн,
Жат өлкеде жанымнан жараландым.
Күтсең мені сүйікті асыл еркем,
Аман болсам көктемде оралармын...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
хат туралы өлеңдер, Жанкелді Немеребай Ауғаннан хат өлең олен Жанкелди Немеребай стихи на казахском, Жанкелді Немеребай өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]