Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Айбүбі немереме)
Бұл Атаң, өскен адам Түз көшінде,
Еліне бақ пен дәулет іздесін тек.
Көтерем Көкке сені,
Жан-Дүниеңе
Жалғанның көлеңкесі түспесін деп.
Пейіштің аспанындай ашық-тұнық,
құдай-ау, бұл неғылған ғашық қылық:
алыстан аңсаймын да мен өзіңді,
сағынам, бауырыма басып тұрып!
Ажалдан қорқып-үрку, сірә, қате-ай,
Күн анау жайнап тұрған, мына бәт Ай!..
Төбеңнен иіскей қалсам,
қош нұрыңнан
Ақылым түшкіреді!.. рақаты-ай!..
Құлыным, Жаным - арша, тәнім - борша
болармын - сен өмірді танығанша.
Не керек, айтшы маған,
жарып алып
берейін, жүрегімнің дәні болса!..
Еліне бақ пен дәулет іздесін тек.
Көтерем Көкке сені,
Жан-Дүниеңе
Жалғанның көлеңкесі түспесін деп.
Пейіштің аспанындай ашық-тұнық,
құдай-ау, бұл неғылған ғашық қылық:
алыстан аңсаймын да мен өзіңді,
сағынам, бауырыма басып тұрып!
Ажалдан қорқып-үрку, сірә, қате-ай,
Күн анау жайнап тұрған, мына бәт Ай!..
Төбеңнен иіскей қалсам,
қош нұрыңнан
Ақылым түшкіреді!.. рақаты-ай!..
Құлыным, Жаным - арша, тәнім - борша
болармын - сен өмірді танығанша.
Не керек, айтшы маған,
жарып алып
берейін, жүрегімнің дәні болса!..
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: