Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Айбүбі немереме)

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Айбүбі немереме)

Бұл Атаң, өскен адам Түз көшінде,
Еліне бақ пен дәулет іздесін тек.
Көтерем Көкке сені,
Жан-Дүниеңе
Жалғанның көлеңкесі түспесін деп.

Пейіштің аспанындай ашық-тұнық,
құдай-ау, бұл неғылған ғашық қылық:
алыстан аңсаймын да мен өзіңді,
сағынам, бауырыма басып тұрып!

Ажалдан қорқып-үрку, сірә, қате-ай,
Күн анау жайнап тұрған, мына бәт Ай!..
Төбеңнен иіскей қалсам,
қош нұрыңнан
Ақылым түшкіреді!.. рақаты-ай!..

Құлыным, Жаным - арша, тәнім - борша
болармын - сен өмірді танығанша.
Не керек, айтшы маған,
жарып алып
берейін, жүрегімнің дәні болса!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Айбүбі немереме өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Айбүбі немереме, немере туралы өлеңдер, немерем өлеңі, стихи на казахском языке о внуке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]