Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Арақбай)
Ұрпағың туса қағынып іштен,
Салтыңды қайтем салынып ішкен.
Өмірді қиып кеткені қанша,
Өкпе мен бауыр қабынып іскен.
Ас суың ба еді атаңнан қалған ,
Ішпеген адам қатардан қалған.
Салбырап көктен түспеген шығар,
Сары ауыз неме сақалдан алған.
Сарқылып қалған салтыңды көрдім,
Сарғайған сол бір қалпыңды көрдім.
Қызығы кеткен қызыңды көрдім,
Қызара бөрткен қартыңды көрдім.
Ағалық қайда,даналық қайда,
Бабаңның салтын балаң ұқпай ма.
Қосылсаң егер басасың келіп,
Ағалық тойға ,ал, алып қойға.
Қашпаған қай бір қиуың қалды,
Ақылың азып, миың уланды.
Опасыз, арсыз жалғанның мынау,
Оңайы кетіп, қиыны қалды.
Жастық пен мастық қатар жүреді,
Қайғырып анаң, атаң жүдеді.
Адыра қалды сері жігіттің
Аруды сүйген атан жүрегі.
Қуатын, нәрін жиятын бойға,
Қымызың қайда, шұбатың қайда.
Қымызың барда, шұбатың барда,
Есірткің естен шыға тұрмай ма?
Арағын ішіп кәпір неменің,
Азғындап кетті ақыл дегенің.
Бұныңды қазақ қоймасаң мәлім,
Құрсақта құрып, жатырда өлерің.
Салтыңды қайтем салынып ішкен.
Өмірді қиып кеткені қанша,
Өкпе мен бауыр қабынып іскен.
Ас суың ба еді атаңнан қалған ,
Ішпеген адам қатардан қалған.
Салбырап көктен түспеген шығар,
Сары ауыз неме сақалдан алған.
Сарқылып қалған салтыңды көрдім,
Сарғайған сол бір қалпыңды көрдім.
Қызығы кеткен қызыңды көрдім,
Қызара бөрткен қартыңды көрдім.
Ағалық қайда,даналық қайда,
Бабаңның салтын балаң ұқпай ма.
Қосылсаң егер басасың келіп,
Ағалық тойға ,ал, алып қойға.
Қашпаған қай бір қиуың қалды,
Ақылың азып, миың уланды.
Опасыз, арсыз жалғанның мынау,
Оңайы кетіп, қиыны қалды.
Жастық пен мастық қатар жүреді,
Қайғырып анаң, атаң жүдеді.
Адыра қалды сері жігіттің
Аруды сүйген атан жүрегі.
Қуатын, нәрін жиятын бойға,
Қымызың қайда, шұбатың қайда.
Қымызың барда, шұбатың барда,
Есірткің естен шыға тұрмай ма?
Арағын ішіп кәпір неменің,
Азғындап кетті ақыл дегенің.
Бұныңды қазақ қоймасаң мәлім,
Құрсақта құрып, жатырда өлерің.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: