Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Бəрі өтер)
Сауық та өтер,
Сайран да өтер.
Бақ-дəулет баяны жоқ байдан кетер.
Жыртығы көңіліңнің қырық жамау,
Білмейсің келетінін қайдан қатер.
Көшуде бəрі, бəрі...
Ел де, жер де.
Көшеміз бұл жалғаннан сен де, мен де.
Көрінер Жер пейіш болып періштеге,
Көрінер көк жұмақ боп пенделерге.
...Көшеміз бүл дүниеден сен де, мен де.
Сайран да өтер.
Бақ-дəулет баяны жоқ байдан кетер.
Жыртығы көңіліңнің қырық жамау,
Білмейсің келетінін қайдан қатер.
Көшуде бəрі, бəрі...
Ел де, жер де.
Көшеміз бұл жалғаннан сен де, мен де.
Көрінер Жер пейіш болып періштеге,
Көрінер көк жұмақ боп пенделерге.
...Көшеміз бүл дүниеден сен де, мен де.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: