Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Заман)

Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Заман)

Жақсысы атылған заман,
Жаманы сатылған заман.
Еркегі қатыннан жаман,
Қатыны шатылған заман.
Ібіліс ылыққан заман,
Бүлініп, былыққан заман.
Құлқыны құныққан заман,
Құдайын ұмытқан заман!
Байлыққа бас ұрған заман
Әптіңді қашырған заман.
Араны ашылған заман,
Адамы ашынға заман!

Талабын тасқа ұрған заман,
Тарыдай шашылған заман
Арамды ас қылған заман,
Адалды лас қылған заман.
Талағы тасырдан жаман,
Тарыдай шашылған заман.
Айласын асырған заман,
Абыройы ашылған заман.
Ұлдары ұрынған заман,
Қыздары қыдырған заман.
Түлкідей құбылған заман,
Түгелдей жын ұрған заман!!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
заман туралы өлең, Исраил Сапарбай Заман өлең олен стихи на казахском, Исраил Сапарбай өлеңдері, Исраил Сапарбай стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]