Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Бойжеткеннің жүрісі)

Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Бойжеткеннің жүрісі)

Ұшып бара жатқандай қалқып қана,
Қолында ма қос қанат?
Қолтықта ма?
Қолаң шашы төгілген хордың қызын
Ей, дүние, үркітпе, қорқытпа да!

Жүзіп бара жатқандай жәйлап қана,
Айдынға да көз тастап,
Айлаққа да.
Қасы-көзі қиылған қарағымды
Қарауылға қайтесің байлап, бала?!

Ақ тамақты ару қыз, қара меңді
Қай мекеннен адасып, дара келді?
Қалтаңдаған қария,
Көкешіме,
Көзің өтіп кетеді, қарама енді!

Алдында – арман,
Аялсыз алдында Уақыт
Осы ма екен баянсыз балғын бақыт?
Сілекейі шұбырған ей, Бозбала,
Неменеге сілейіп қалдың қатып?

Асфальтыңыз айналып алақанға
Дән тосқандай Көгершін – балапанға.
Қауызына түсірмей қара таңба
Сәуірден гүл жетсе екен Саратанға...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Исраил Сапарбай Бойжеткеннің жүрісі өлең олен Исраил Сапарбай стихи на казахском, Исраил Сапарбай өлеңдері, Исраил Сапарбай стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]