Қазақша өлең: Махаббат

Қазақша өлең: Махаббат

Ұмытар маған бәрінде бейне жоқ қылып,
Кеудемде жанған сезімнің отын сөндіріп
Тәңірім неге жаратты екен адамға
Қызғаныш деген сезімді миға құрт қылып

Не істеймін енді ақталам қалай сендіріп
Сезімім болса болатын шығар сүйгендік
Жатар ол бәлкім кеудемде мәңгі тұншығып
Айтсаңшы маған ақылың болса әйелдік

Шатысып жүрген болармын бәлкім мен өзім
Ештене сезбей ештене көрмей мен өзім
Айтсаңшы маған көрсетіп жібер жол сілтеп
Ашығын айтар сырласым болдың сен өзің

Өзіңнен басқа тірі жан таппай сыр айтар
Тоң болып қатқан іштегі сырды ақтарар
Өзің боп тұрсаң арқамды сүйер сүйеніш
Болсада сөзбен жабырқау жанды жұбатар

* * * * *

Біле алмадым көңілімнің қалауын
Ұмыттыр деп айтсамда алаңдаймын
Сен жоғалсаң мен жалғыз қаламба деп
Жалғыздықтан жабығып жабырқадым

Әлде солай маңдайға жазылғанба
Кей күндері еске алам сағынғанда
Кейде толып айналам шат күлкіге
Есіктен сен жарқ етіп көрінгенде
Бір серпіліп қаламын мәз болам тек

* * * * *

Жүрегімді жауласада қанша мұң
Сені ойлап атар менің әр таңым
Тағдар бізді алыстатып барама
Арамызға күндер салып ақырын

Неге неге кірбің толы жүзіңде
Бір реніш орнап қалған көзіңде
Өзге жанның сүйгеніне ренжіп
Бұл өмірге өкпе айтып жүрсіңбе

Қойын дәптер болып менің сырласым
Бір ауыз сөз қаншама оқып шығамын
Әрбір сөздің тасасында тығылып
Аржағында сен күлімдеп тұрасың
Ой санамда сенің бейнең өшпеген
Құдіретті жансың өзі не деген...

* * * * *

Қызық ау бұл дүние неткен шіркін
Ұсынып бірде аязын, бірде күнін
Енейін мен түсіңе таң алдында
Берсеңші жүрегіңнің алтын кілтін

Жатар ол бәлкім жүрек тереңінде
Толқыса шығарма екен ол бетіне
Тербетіп жүрегіңді әлдилейін
Қосып ап саған деген өлеңіме

Көңілім қиял менен қырдан асып
Сезімім неге, неге саған ғашық
Кірейін түсіңе мен таң алдында
Туатын шолпанменен жағаласып
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи на казахском языке о любви, стихи про любовь казакша, Біле алмадым көңілімнің қалауын, махаббат туралы олен жолдары, махаббат, mahabbat, махаббат жайлы олен шумактар скачать, казакша махаббат туралы олен-шумактар, стихи на казахском языке про любовь

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]