Қазақша өлең: Олжас Отар (Бекіну)

Қазақша өлең: Олжас Отар (Бекіну)

«Лә Иләһә илләллаһ,
Мұхаммәдур Расулуллаһ»,
Имам Ағзам — мазһабым.
Мұсылманмын асқақ үн.
Шайтанның еріп соңынан,
Бұлт шалмасын аспаным.
Бір Аллаға сыйынам,
Қолдай алар басқа кім?
Бір Алланың арқасы,
Сандығын жырдың ашқаным.
Құдайдан тілеп медетті,
Қысылғанда саспадым.
Құлшылық қылсам күн-түні,
Жалындап өтер жас шағым.
Алланы танып өтейін,
Өмірде мынау қас-қағым.

* * *

Мұсылман болып бір беті.
Кәпір болып бір беті.
Өзгеріп кетті бүгінде,
Қазағымның келбеті.
Қайда кетіп барасың,
Мұхаммедтің үмбеті.
Орындалмай жатыр ғой,
Пайғамбардың сүннеті.
Қайда кеткен халқымның,
Құранға деген құрметі.
Жұртыма менің жұқпасын,
Күпірліктің індеті.
Мойынсұну Аллаға,
Мұсылманның міндеті.
Мұсылманды түбінде,
Мойындайды жер беті.

* * *

Ақылды жан алданбас,
Ақылсыз жан қорғанбас.
Бұхар жырау айтқандай,
«Алла деген ар болмас,
Хақтың жолы тар болмас».
Құдайға мойын бұрмасақ,
Қысылтаяң күн туса,
Жаратқан Өзі жар болмас.
Бес уақыт намаз оқысаң,
Ақырет күні инша Алла,
Тозақта жаның қор болмас.
Бір Құдайдан қорық та,
Жайнамазбен бол жолдас.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Олжас Отар Бекіну өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, Олжас Отар өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]