Қазақша өлең: Олжас Отар (Аруларды жігіттер аялайық!)

Қазақша өлең: Олжас Отар (Аруларды жігіттер аялайық!)

Аруларды жігіттер аялайық.
Бар жақсыны олардан аямайық.
Қыз сыйлаған қазақтың баласы едік,
Қадірлерін білмесек болар айып.

Табиғат іңкәрлікті қызға арнады.
Құштар-ау сұлулыққа қыздар жаны.
Құлпырып көздің жауын алатұғын,
Қыздар деген, жігіттің ізгі арманы.

Сері жігіт кешегі қайда халық.
Бара жатыр бүгінде майдаланып.
Сұлу көрсе сұмдық-ай сұқтанады,
Қалсақ деп бір оларды пайдаланып.

Уа, жігіттер ермейік әр елеске.
Ең керегі адамға ар емес пе?
Түсінсеңдер бәріңнің үйлеріңде,
Анаң, әпкең, қарындас бар емес пе?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Олжас Отар Аруларды жігіттер аялайық өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, Олжас Отар өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Аруларды жігіттер аялайық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]