Қазақша өлең: Олжас Отар (Е, Алла)
Е, Алла!
Күнәмізді кешіре көр.
Ылайықты ырыздық, несібе бер.
Имандылық жолында күресейін,
Қуат бер мақсатыма жетіп өлер.
Е. Алла!
Бар екенің аян маған.
Өніп-өсіп жатқанда саяңда адам.
Надандардың ісіне күйіп кетем,
Сезімдері мәңгілік оянбаған.
Құдай жоқ деп асқақтап көпіреді.
Көкті тіреп тұрғандай көкірегі.
Құдіреттің мойындап күштілігін,
Өмірден өтер сәтте өкінеді.
Орындалсын Бір Алланың өкімі.
Мұсылманға ол бес парыз боп бекіді.
Иманды бол, намаз оқы, адаспа,
Түсінгенге жұмақтың бұл кепілі.
Қалықтатса таң сәріде қораз ән.
Күмбірлесін мешіттерде зор азан.
Қасиетті рамазан айында,
Ұстаған жан, қабыл болсын Оразаң!
Зекет бергін байлығыңа бойла да,
Ақшаға да, жылқы, сиыр, қойға да.
Қос дүниеде жаққың келсе Құдайға,
Иманды ойла, жиған малды ойлама.
Қажыға бар, байлық тұрса асып бір.
Онда саған жұмақ қақпа ашық тұр.
Ақ жолынан адаспағын Алланың,
Жамандықтан бойды аулақ сал, қашық қыл.
Ас ішіп астауынан адалдықтың.
Ақ жолымен жүрейін адамдықтың.
Алла! – деп атқа мініп аттанайын,
Жанына жуымайын жамандықтың.
Исламға иман айтып бетті бұрсам,
Иланам жетеріне маған құттың.
Бойымда иман болса пәле қашар,
Имансыз болсам бітті, қара басар.
Зікір менен шүкірді мен ұмытсам,
Пікірді тұтынады сана нашар.
Алладан сәл босаса пәк көңілің,
Албасты шайтан келіп араласар.
Раббымыз – бір Алла ғой бас иетін,
Рахымынан басқа түгіл тас иетін.
Түзу жолға түсіріп жіберетін,
Құранның біз ұғайық қасиетін.
О дүниелік орнымыз жұмақ болар,
Орындасақ Пайғамбар өсиетін.
Күнәмізді кешіре көр.
Ылайықты ырыздық, несібе бер.
Имандылық жолында күресейін,
Қуат бер мақсатыма жетіп өлер.
Е. Алла!
Бар екенің аян маған.
Өніп-өсіп жатқанда саяңда адам.
Надандардың ісіне күйіп кетем,
Сезімдері мәңгілік оянбаған.
Құдай жоқ деп асқақтап көпіреді.
Көкті тіреп тұрғандай көкірегі.
Құдіреттің мойындап күштілігін,
Өмірден өтер сәтте өкінеді.
* * *
Орындалсын Бір Алланың өкімі.
Мұсылманға ол бес парыз боп бекіді.
Иманды бол, намаз оқы, адаспа,
Түсінгенге жұмақтың бұл кепілі.
Қалықтатса таң сәріде қораз ән.
Күмбірлесін мешіттерде зор азан.
Қасиетті рамазан айында,
Ұстаған жан, қабыл болсын Оразаң!
Зекет бергін байлығыңа бойла да,
Ақшаға да, жылқы, сиыр, қойға да.
Қос дүниеде жаққың келсе Құдайға,
Иманды ойла, жиған малды ойлама.
Қажыға бар, байлық тұрса асып бір.
Онда саған жұмақ қақпа ашық тұр.
Ақ жолынан адаспағын Алланың,
Жамандықтан бойды аулақ сал, қашық қыл.
* * *
Ас ішіп астауынан адалдықтың.
Ақ жолымен жүрейін адамдықтың.
Алла! – деп атқа мініп аттанайын,
Жанына жуымайын жамандықтың.
Исламға иман айтып бетті бұрсам,
Иланам жетеріне маған құттың.
Бойымда иман болса пәле қашар,
Имансыз болсам бітті, қара басар.
Зікір менен шүкірді мен ұмытсам,
Пікірді тұтынады сана нашар.
Алладан сәл босаса пәк көңілің,
Албасты шайтан келіп араласар.
Раббымыз – бір Алла ғой бас иетін,
Рахымынан басқа түгіл тас иетін.
Түзу жолға түсіріп жіберетін,
Құранның біз ұғайық қасиетін.
О дүниелік орнымыз жұмақ болар,
Орындасақ Пайғамбар өсиетін.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: