Қазақша өлең: Олжас Отар (Тараздың арулары)
Ханшадай ертедегі,
Шетінен көркем еді,
Жанымды өртеп еді,
Тараздың арулары,
Қазақтың еркелері.
Күтетін алдан бағы,
Талайдың армандары,
Тектілік талғамдары,
Тараздың аруларын,
Ұнатып қалғам тағы.
Ұнатпау қиын екен,
Пәктігі биік екен,
Сезімі құйын екен,
Тараздың аруларын,
Мәңгілік сүйіп өтем.
Шолпандай жұлдыздары,
Адалдық шың құздары,
Тараздың арулары,
Жұмақтың үр қыздары.
Шетінен көркем еді,
Жанымды өртеп еді,
Тараздың арулары,
Қазақтың еркелері.
Күтетін алдан бағы,
Талайдың армандары,
Тектілік талғамдары,
Тараздың аруларын,
Ұнатып қалғам тағы.
Ұнатпау қиын екен,
Пәктігі биік екен,
Сезімі құйын екен,
Тараздың аруларын,
Мәңгілік сүйіп өтем.
Шолпандай жұлдыздары,
Адалдық шың құздары,
Тараздың арулары,
Жұмақтың үр қыздары.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: